Құрметті келушілер !

Сіз Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайы» сайтына шыққаныңыз үшін, біз өте қуаныштымыз.

Мұражай 1988 жылы Шет ауданының бірінші хатшысы Сағымбай Мұқатайұлы Медеубаевтың басшылығымен салынды. Алғашқы мұражай «қоғамдық» болып ашылып, оған Бақи Мақажанов жетекшілік жасады. 1989 жылы тамыз айынан, 1997 жылға дейін  Жезқазған облыстық  мұражайдың бөлімі болып « Шет аудандық тарихи-этнографиялық мұражай» атанды.   Мұражай материалдары өлкенің көне дәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихынан сыр шертеді. Біздің сайт беттерінен Сіз Ақсу-Аюлы өлкесінің бай тарихы және қызықты оқиғалары туралы, мұражай құрылысы және оның қызметі туралы біле аласыздар.

Құрметпен Шет аудандық археологиялық-этнографиялық мұражайының директоры Сүйіндікұлы Зәрубай  

Последние новости

«Қош келдің әз –Наурыз!»

News image

   Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Бұл күні жеті дәмнен Наурызкөже жасалып, адамдар бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын, артық кеткен жерлері болса кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жад...

| 23 Марта 2017

«Ислам адамгершілік пен бейбітшілік діні» атты ашық сұхбат.

News image

  Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді әрі жалынды жастар қолында. Қай заманда да қоғамның негізгі қозғаушы күші – кейінгі ұрпақ. Бүгінде тәуелсіз еліміздің іргесін нығайту жолында жас ұрпақты заман көшіне сай қалыптастыру, рухани және адами қасиеттерді орнықтыру басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың діни көзқарасын қалыптастыру мақсатында аудандық архео...

| 16 Февраля 2017

Аудандық музейде «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты оқушылар арасындағы байқауы өтті.

News image

Аудандық музейде қаңтар айында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты оқушылар арасындағы байқауы өткізілді. Байқауға «Оқушылар үйінің» балалары мен мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар өз жұмыстарын  «Сәндік – қолданбалы өнер», «Қолөнер жұмыстары»-ағаш өңдеу өнері, «Көркем сурет» номинациялары бойынша қатысты. Бүгінгі таңда жа...

| 17 Января 2017

«Қыр баласы жүрген іздермен» атты экспедиция Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде

News image

  ЮНЕСКО-ның Парижде  өткен Бас конференциясының 38-сессиясында Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды. Осыған орай,  «Қыр баласы жүрген жолдармен» атты Торғайдан Ақтоғайға дейінгі экспедиция ұйымдастырылып  аудандық музейге келді. Алаш көсемі Алихан Бөкейханұлының 150 жылд...

| 24 Сентября 2016

«Елорда-елдігімнің ертеңі» атты тақырыптық шара.

News image

6 шілде Астананың туған күніне орай «Елорда-елдігімнің ертеңі» атты тақырыптық шара өткізілді. «Астана және халық Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев»атты еңселі елорданың суреттерінен құралған фото-сурет көрмесі халық назарына ұсынылды. Ай соңына дейін қойылған көрмені әсіресе ауылымыздың жас жеткіншектері ерекше қуанышпен тамашалады. Астана туралы өздерінің әсерлерімен бөлісіп, көрмеде қойылға...

| 8 Июля 2016

Шет ауданында «Қымыз дертке дауа жанға шипа» атты фестиваль өтті.

News image

  Желіге құлын байлап, бие сауған қазақтың қымызға қатысты өзіндік игі дәстүрлері бар. Солардың бірі- қымызмұрындық мерекесі. «Қымыз дертке дауа жанға шипа» тақырыбында өткен фестиваль шағын шығармашылық кешпен ашылды. Мерекелік шара барысында аудан әкімі халықты айтулы күнмен құттықтап, тұрғындар қымыздың тарихы мен пайдасы туралы мол мағлұматтар алды.Жергілікті өнерпаздар жырдан ...

| 17 Июня 2016

«Қош келдің әз –Наурыз!»

123 073

  

Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Бұл күні жеті дәмнен Наурызкөже жасалып, адамдар бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басында бірге отыратын, артық кеткен жерлері болса кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадырататын, сананы серпілтетін мереке. Наурыздың сәні- Наурызкөже, қазақтың салт- дәстүрін, ырымдарын, әдет- ғұрыптарын паш ету, дәріптеу болып табылады.

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ауданымыздағы музейде «Қош келдің әз –Наурыз!» атты сазды әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылып, ол жоғарғы деңгейде өткізілді.

 

«Ислам адамгершілік пен бейбітшілік діні» атты ашық сұхбат.

 фото12

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді әрі жалынды жастар қолында. Қай заманда да қоғамның негізгі қозғаушы күші – кейінгі ұрпақ. Бүгінде тәуелсіз еліміздің іргесін нығайту жолында жас ұрпақты заман көшіне сай қалыптастыру, рухани және адами қасиеттерді орнықтыру басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушылардың діни көзқарасын қалыптастыру мақсатында аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде «Ислам адамгершілік пен бейбітшілік діні» атты ашық сұхбат өткізілді.

Осы аталған іс-шараға Жаңқұтты би мешітінің наиб имамы Әкімтай Аңсар, аудандық орталық кітапхана қызметкерлері, агротехникалық колледж студенттері мен топ жетекшісі Әбдуғалиев Байбол белсене қатысты.

      Жаңқұтты би мешітінің наиб имамы, студенттерге «Хиджап, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелерін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы жастарға мәлімет бере отырып, сұрақтарына жауап беріп, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдардан  аулақ болуын айтып өтті.

      Сонымен қатар, іс-шарада «Дін – тәрбие діңгегі» атты кітап көрмесімен орталық кітапхана қызметкері Шідербекова Дина таныстырып өтті. Көрмеге дін тақырыбына байланысты  құнды кітаптар қойылды.

Бүгін жұртшылық арасында діннің беделі артуда, діни нанымдар мен діни бірлес­тіктердің саны өсуде. Сондықтан, азаматтарымыздың діни сауатты болғаны қоғамның тұтастығы мен тұрақты дамуының кепілі болып табылады. Осы іс-шарамыздың мақсаты – жастарымыздың діни көзқарасын қалыптастыру,  имандылыққа тәрбиелеу және дін тақырыбында біраз мәлімет алды деген ойдамыз.

Жастардың діни санасы мен діни білімін қалып­тас­тыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі ретінде қалып отыр. Діни сауаттылықты қалыптастыру – заман талабы екендігін естен шығармағанымыз абзал. 

 

Аудандық музейде «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты оқушылар арасындағы байқауы өтті.

1111 041

Аудандық музейде қаңтар айында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты оқушылар арасындағы байқауы өткізілді. Байқауға «Оқушылар үйінің» балалары мен мектеп оқушылары қатысты. Оқушылар өз жұмыстарын  «Сәндік – қолданбалы өнер», «Қолөнер жұмыстары»-ағаш өңдеу өнері, «Көркем сурет» номинациялары бойынша қатысты. Бүгінгі таңда жас ұрпақты ұлттық рухта, халқымыз айтқандай «Сегіз қырлы, бір сырлы» етіп тәрбиелеу ұстаздардың қолында. Олардың қол жеткізген жетістіктері ұстаздар үшін үлкен мәртебе екендігі белгілі. Оқушылардың еңбектеріне қарай, номинация бойынша грамоталар, алғыс хаттар беріліп, сыйлықтар табысталды.

 

«Қыр баласы жүрген іздермен» атты экспедиция Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінде

 фото

ЮНЕСКО-ның Парижде  өткен Бас конференциясының 38-сессиясында Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойын 2016 жылы ЮНЕСКО көлемінде тойлау ұсынысы қабылданды. Осыған орай,  «Қыр баласы жүрген жолдармен» атты Торғайдан Ақтоғайға дейінгі экспедиция ұйымдастырылып  аудандық музейге келді.

Алаш көсемі Алихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойына байланысты көрмелермен жұмыс, «Алаш ардақтысы» атты тақырыптық экскурсия өткізілді, аудан тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Экспедиция құрамында келген ғалымдар, мәдениет қызметкерлері және музей саласының қызметкерлерімен бірігіп ұлт көсемі Әлихан Бөкейханұлы жайлы кең көлемде іс-шара жүргізілді.   Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жазылған баяндамалар жайлы пікіралмасу болды. Экспедицияның мақсаты мен музей қызметкерлері түйген ой өз бағасын алды. Ақтоғайда өткен ұлт көсемінің мерейтойына Шет аудандық музейінің қызметкері З.Сүйіндіков және С.Қамытбаева қатысып, музей қорына көптеген деректер мен материалдар қосты. Сонымен қатар Қарағанды облыстық Мәдениет бас- қармасының ұйымдастыруымен «Әлихан Бөкейханұлының 150 жылдық мерейтойы» атты республикалық конференцияға музей қызметкері С.Қамытбаева қатысып, мол мағлұмат алып қайтты. 

 

«Елорда-елдігімнің ертеңі» атты тақырыптық шара.

6 шілде- Астана күні Елімнің етжүрегі атты тақырыптық лекция оқылды

6 шілде Астананың туған күніне орай «Елорда-елдігімнің ертеңі» атты тақырыптық шара өткізілді.

«Астана және халық Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев»атты еңселі елорданың суреттерінен құралған фото-сурет көрмесі халық назарына ұсынылды. Ай соңына дейін қойылған көрмені әсіресе ауылымыздың жас жеткіншектері ерекше қуанышпен тамашалады. Астана туралы өздерінің әсерлерімен бөлісіп, көрмеде қойылған аудандық оқушылардың қолынан шыққан туындылар, қолөнер шеберліктері,суреттер бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.  

Сонымен қатар жас ақындар мен шығармашылық топтағы балалар арасында викториналық ойын өткізілді.«Астана –халықтың жүрегіне жақын қала» атты Астананың тарихына байланысты баяндама жасалып, жасөспірімдер арасында сурет салудан конкурс ұйымдастырылды.

 

Шет ауданында «Қымыз дертке дауа жанға шипа» атты фестиваль өтті.

 

жылжымалы көрме3

Желіге құлын байлап, бие сауған қазақтың қымызға қатысты өзіндік игі дәстүрлері бар. Солардың бірі- қымызмұрындық мерекесі. «Қымыз дертке дауа жанға шипа» тақырыбында өткен фестиваль шағын шығармашылық кешпен ашылды. Мерекелік шара барысында аудан әкімі халықты айтулы күнмен құттықтап, тұрғындар қымыздың тарихы мен пайдасы туралы мол мағлұматтар алды.Жергілікті өнерпаздар жырдан шашу шашып, қымызмұрындық әнін шырқады. Сонымен қатар, осы игі шарада аудандық археологиялық-этнографиялық музейі де шет қалмады. Қазақтың бай этнографиялық экспонаттардан тұратын, жылжымалы көрмесін халыққа ұсынды.

 

«МУЗЕЙ ТҮНІ-2016»

Фотки 1599

 

Поиск по сайту

Интерактивный опрос

Как Вы оцениваете результаты работы нашей организации?
 

Авторизация



Кто онлайн

Сейчас 5 гостей онлайн







ak-orda



egov